"ФАРАБИ ӘЛЕМІ" студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы (4-6 сәуір 2024 ж.)

15 сәуір, 2024

2024 жылдың 4-6 сәуірінде "ФАРАБИ ӘЛЕМІ"атты студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға қатысу үшін Қазақстан Республикасының және жақын, алыс шет елдердің студенттері, магистранттары, докторанттары, жас ғалымдары шақырылды. Қатысушылардың баяндамалары 2024 жылдың 4-6 сәуірінде секциялық отырыстарда тыңдалды. Конференцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері: студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту; шығармашылық қабілеттерін ашу, неғұрлым талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; жас ғалымдардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу. "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша қазақ тобының 4-ші курс студенті Байсынов Нұрлан "Медицина, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері"секциясына қатысып, баяндама  2-ші орынды жеңіп алды. Біз жас ғалымдар байқауына қатысқан Нұрланды кезекті жеңісімен құттықтап,  творчестволық табыс тілейміз.