ТДМ әлеуметтік компонентіне сай келетін «Білім» құндылығы тақырыбында дөңгелек үстел

16 сәуір, 2024

09.04.2024 ж. 14.00 де  Экономика және бизнес жоғары мектебі, 233 мәжіліс залында Экономика кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к. проф.м.а. Даулиева Ғ.Р.,  аға оқытушылары Д.Р.Тұраров, Г.К. Андабаева,  Иляшова Г.К., топ эдвайзері Кулиев І.О. және Э22К1 студенттерінің  ұйымдастыруымен ТДМ 1, ТДМ 4 әлеуметтік компонентіне сай келетін «Білім» құндылығы тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өтті. Іс шараның мақсаты - «Білім» құндылығы «Құнды білім» және  «Ғылым мен зияткерлік» жүйе құраушыларынан құралатынын түсіндіру. Сонымен қатар Адамзаттың ғаламдық ғажайып жетістіктерінің барлығы білім мен ғылымның нәтижесі  екенін дамыған елдер тәжірибелерінен көз жеткізу.