ТДМ үшінші экологиялық компонентіне сай келетін «Табиғат» құндылығы тақырыбында дөңгелек үстел

16 сәуір, 2024

11.04.2024ж. 16.00 де  Экономика және бизнес жоғары мектебі, 233 мәжіліс залында Экономика кафедрасы оқытушылары Д.Р. Тұраров, Г.К. Андабаева,  Иляшова Г.К., топ эдвайзері Кулиев І.О. және Э22К1 студенттерінің  ұйымдастыруымен ТДМ 11,15 үшінші экологиялық компонентіне сай келетін «Табиғат» құндылығы тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өтті. Іс шараның мақсаты - «Табиғат» құндылығын «табиғи қазыналар» және «экологиялық мәдениет» жүйе құраушыларынан құралатынын ғылыми тәжірибелік тұрғысынан талдау және бағалау болды. Сондай-ақ кең байтақ жерімізді бізге аманат етіп қалдырған ата-бабаларымызға тағзым ете отырып, бізде аманат парызды талан-таражға салып, аздырып, тоздырмай болашақ ұрпағымыздың игілігіне өткізуді мақсат етуіміз маңызды екенін түсіндіру