Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 16 қараша күні Ұлттық қордан балаларға ақша төлеу туралы заңға қол қойған болатын. Құжатта қаралған мәселе 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге аса бастады. Яғни, Ұлттық қорға түскен инвестициялық табыстың 50 пайызы 18 жасқа толмаған балалардың есепшотына аударылып отырады. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ, «Отбасы банк» өкілдерімен биылғы жылы 18- ге толған және толатын студенттермен аталған қаражатты қандай мақсатта қолдана алатындары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қызығушылық танытқан студенттерге банк өкілдері депозит ашып, кеңес берді.
Басқа жаңалықтар
16 қараша, 2024