"Менің бауырым"

11 сәуір, 2024

11 сәуір күні «Көмек» қоғамдық қоры «Менің бауырым» жобасы бойынша №70 жалпы орта білім беретін мектебіне барып, 7-8 сыныптарға экология тақырыбына байланысты ашық сабақ өткізді. Мақсаты: оқушыларға қоршаған ортаны қорғауды түсіндіру, экологиялық проблемалардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу. 
Ашық сабақ барысында оқушылар топқа бөлініп, әртүрлі тақырыпта жобаларын қорғады. Жағдаяттық тапсырмалар орындап, түрлі ойындар ойнап, кері байланыс жасалды. Сабақ оқушылар үшін өте пайдалы болды.