ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІН ДАМУЫНДАҒЫ ЗАМАНАУ ТЕНДЕНЦИЯЛАР

22 ақпан, 2024

2024 жылдың 21 ақпанында Қазақ мемлекеттік университетінде «ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІН ДАМУЫНДАҒЫ ЗАМАНАУ ТЕНДЕНЦИЯЛАР» атты сарапшылық стратегиялық сессия өтті. Бұл іс-шарада оқуға тең қолжетімділік қағидасы негізінде әртүрлі студенттер тобы үшін тиімді және қолжетімді оқытуды қамтамасыз ету мақсатында зерттеу университетінің цифрлық трансформациясының стратегиялары талқыланды.

«Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру» кафедрасының профессоры Танбаева Г.З. «Денсаулық сақтау мамандарын даярлаудағы цифрлық білім беру ортасының келешегі» тақырыбында баяндама жасады. Ол бұл процесте VR және AR технологияларын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Америкалық Goldman Sachs компаниясының болжамы бойынша, 2025 жылға қарай медицинада VR және AR технологияларын қолдану бағдарламалық қамтамасыз ету нарығының көлемі (6,1 млрд доллар) бойынша екінші орынға жетуі керек. Медициналық білім берудегі цифрлық білім беру ортасын дамыту және біріктіру заманауи денсаулық сақтаудағы маңызды қадам болып табылады