BACE Erasmus жобасының шеңберінде «Research methods» («Зерттеу әдістері») мастер-классы өттіFarabi University

BACE Erasmus жобасының шеңберінде «Research methods» («Зерттеу әдістері») мастер-классы өтті

16 сәуір, 2024

11.04.2024ж. бастап 15.04.2024ж. дейін BACE Erasmus жобасының шеңберінде «Research methods» («Зерттеу әдістері») мастер-классы өтті. Спикерлер Норвегияның UiT The Arctic University (Тромсо қ., Норвегия) эпидемиология және биостатистика саласындағы профессорлары болды. Мастер-класс қарқынды және оқиғалы режимде өтті, оған Денсаулық сақтау саясаты және оны ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі Капанова Г.Ж., профессор Танбаева Г.З. және доцент м.а. Балмуханова А.М., сонымен қатар «Медицина» мамандығының 1 курс докторанты Султанкулов Данияр және «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығының 1 курс магистранты Қонысбаев Мақсат қатысты. Мастер-класс бағдарламасына эпидемиология, биостатистика және зерттеу әдістемесі бойынша түрлі тақырыптар бойынша лекциялар мен интерактивті жаттығулар, шағын топтардағы жұмыс, TBL кірді, бұл қатысушыларға осы саладағы тәжірибесін байытып, білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Тренинг соңында лекторлар қатысушылардың дайындығы мен белсенділігінің жоғары деңгейін атап өтті.