Дүниежүзілік бүйрек күні 2024ж.: «Диализді кешіктіруге болады!»

15 наурыз, 2024

Дүниежүзілік бүйрек күні жыл сайын наурыз айының екінші бейсенбісінде атап өтіледі. 2024ж.14-15 наурызда Алматыда Дүниежүзілік бүйрек күні аясында «Диализді кешіктіруге болады!» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шараның мақсаты тұрғындар мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің созылмалы бүйрек ауруы ерте кезеңдерде анықтау бойынша ақпараттандырылуын арттыру болды. Дүниежүзілік бүйрек күнінің ұраны 2024 – медициналық көмекке және оңтайлы медициналық тәжірибеге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, бұл 3 ТДМ жүзеге асыруға да сәйкес келеді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУнен Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасының доценті Балмұханова А.М. қатысып, «DAPA-CKD: созылмалы бүйрек ауруларын емдеудегі жаңа көкжиектер» тақырыбына баяндама жасады. Баяндама SGLT2 ингибиторлары класының өкілінің тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша кең ауқымды рандомизацияланған клиникалық сынақтың нәтижелеріне арналған.