2024 жылдың 12 сәуірінде Түркітану және тіл теориясы кафедрасының "Шетел тілі: екі шет тілі" мамандығының үшінші курс студенттерімен «Франкофония-2024» атты мәдени танымдық іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты студенттерді француз елінің тілі мен әдебиетін, Франция мәдениетімен, тарихымен тереңінен таныстыру. Франкофония - бұл 1970 жылдан бастап өткізілетін француз тілінің мерекесі, жыл сайын көктем мезгілінде өтетін шара. Іс-шара Филология факультетінің 3- курс бакалавриат студенттерімен өткізілді. Кафедра оқытушылары, студенттер, магистранттар мен докторанттар қонақ ретінде қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы: Әбікенова Ж.Ж.
Басқа жаңалықтар
23 желтоқсан, 2024
23 желтоқсан, 2024
23 желтоқсан, 2024