ЖМ 23-02 тобымен «Балалар денсаулығы».

17 сәуір, 2024

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Шукешева С.Е және Назиран Ф. оқытушылардың жетекшілігімен және ЖМ 23-02 тобымен "Балалар Денсаулығы" атты іс-шара өткізді. Іс шара орта мектеп оқушыларымен өткізілді. Іс-шара барысында денсаулықты қорғау формулалары туралы және де саллауатты өмір сүру әдетін ұстану туралы, иммунитетті сақтау, денсаулықпен дос болу туралы өзекті мәселелер айтылды. Бейнероликтер және осы тақырып бойынша топтық ойындар жүргізілді. Оқушылардың денсаулық және дұрыс тамақтану, дұрыс күн тәртібін құру туралы түсініктері олардың салған суреттерімен, пікірталаспен және де оқушылар мен студенттер арасындағы постер түріндегі кері байланыспен бағаланды.