М.Әуезов атындағы драма театрының «Мәңгілік бала бейне» спектакліFarabi University

М.Әуезов атындағы драма театрының «Мәңгілік бала бейне» спектаклі

17 сәуір, 2024

“Адамның рухани дамуы – денсаулықты қалыптастырудың негізі” атты тақырып аясында оқытушы Оңалбек Д.Д. жетекшілігімен ЖМ 23-01 қазақ тобымен М.Әуезов атындағы драма театрының “Мәңгілік бала бейне” қойылымына барып, іс-шара өткізілді. Студенттер Семей полигонынан кейінгі адамзат тағдырын көріп, полигоннан зардап шеккен жандардың өмір жолын қарап, өздеріңе полигонның алып келер қаупін ұғынды. Адамзат тарихын білу арқылы өзінің жарқын болашағын құрастыра алады. Студенттер рухани дамып, болашақтарын өздері құра алатынын түсінді.