Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар

16 сәуір, 2024

16.04.2024 күні Филология факультеті, Шетел филологиясы және Аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен  Аударма ісі мамандығының 1-курс магистранттары Әбдіманап С.Н., Жақсылық А.Ж., Алимжанов Б.М. және топ эдвайзері  Дайрабекова Г.С. «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының аясында “6В02303-Шетел филологиясы” мамандығының 2-курс студенттерімен «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.

Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстандағы сот әділдігі жағдайларымен бөлісіп, тұрақты даму үшін бейбітсүйгіш және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлығына сот әділеттілігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, жауапкершілікті және кеңінен қатысуға негізделген мекемелер құру. Ашық тәрбие сағаты пікірталас түрінде өтіп, оған 10 студент қатысты. Тәрбие сағаты барысында студенттер өз ойларын ашық жеткізіп, сұрақтарға жауап беріп,  белсенді қатысты. Олар әлемдегі адамдарға қатысты болып жатқан зорлық-зомбылық мәселелерін талқылады. Көптеген елдердегі қоғамдық және заңдық әділетсіздік жайында ойларын бөлісті және әділ сот ұйымдастырылуы туралы ойларын ортаға салды. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі- жемқорлық екенін жоғарыда аталған заттарға қалай әсер ететіндігі айтылды. Практикалық тапсырма ретінде қатысушылар екі топқа бөлініп, берілген тақырыпқа қатысты дебат ұйымдастырылды. Студенттер қазіргі таңдағы еліміздегі  өзекті заң мәселелерімен танысып, олармен күресу үшін қолданылып жатқан іс-шаралармен танысты және талдады. Сабақ өз мақсатына жетті.