ToxicNet желісінің ашық дәрісіне қатысуға шақырамыз!
Құрметті әріптестер,
Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының профессорлық-оқытушылар құрамын, докторанттарын, магистранттары мен студенттерін, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғаларды ToxicNet желісінің ашық дәрісіне қатысуға шақырады (көмегімен Тұрақты дамуды ынталандыру орталығы): «ТДМ саясаты барлығы үшін жақсырақ және тұрақты болашаққа қол жеткізу болып табылады. Пестицидтер мен ТОЛ-ның денсаулыққа және қоршаған ортаға әсерімен күресу»
ToxicNet мақсаты - студенттердің пестицидтердің, ескірген пестицидтердің және тұрақты органикалық ластаушы заттардың әсері және жағымсыз әсерлердің алдын алу үшін қажетті шаралар туралы хабардарлығын арттыру.
Сондай-ақ, дәріс аясында студенттер арасында креативті фотосурет байқауы жарияланады, оның мақсаты – қауіпті химиялық заттардың адам денсаулығына және қоршаған ортаға кері әсері мәселелеріне қоғамның назарын аудару!
Өткізілетін орны: Е.Е. Ерғожин атындағы Ғылыми кеңестің мәжіліс залы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті.
Күні мен уақыты: 2024 жылдың 23 сәуірі, сағат 15:00-ден 16:30-ға дейін.
Желіде қосылу үшін сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/6043221729?pwd=aXg5RG1nVzY1OE1MeUlqdlVjVloydz09
Конференция ID: 604 322 1729
Құпия сөз: 245814
Абдильдина К.М.,
Ташмухамбетова Ж.Х.