« 4-мақсат. Сапалы білім»

17 сәуір, 2024

    2024 жылғы 13-14 наурызда біздің университетке Цукуба университетінің (Жапония) делегациясы, Kobayashi Yusuke медицина институтының профессоры, Insebayeva Nafissa NipCA жобасының зерттеушісі және медицина және денсаулық ғылымдары мектебінің төрт студенті Tasaki Ayana, Yuki Mai, Kumakura Midori, Suzuki Honoka келді.

2019 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Кампустағы Кампус» жобасының қатысушысы болып табылады. Цукуба университеті мен ҚазҰУ арасындағы меморандумға елдің жетекші жоғары оқу орнының базасында өткен QS World University Rankings -2019 форумы аясында қол қойылған. Бұл жобаның мақсаты студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыру болып табылады.

2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттары бойынша, оның ішінде « 4-мақсат. Сапалы білім» бойынша  Жапон делегациясына «Кампустағы Кампус» жобасы аясында, Цукуба университетімен ынтымақтастық шеңберінде медицина және денсаулық сақтау факультетінің қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі директорының орынбасары Бимурзаева Ф.А. университетті таныстырды. Сапар барысында делегация медицина және денсаулық сақтау факультетінің жұмысымен танысты, сондай-ақ қонақтар «Интердент» медициналық колледжіне барды. Колледж заңды тұлға мәртебесіне ие және кәсіптік-техникалық білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын жеке кәсіптік-техникалық білім беру мекемесі болып табылады.