ДОКТОРАНТУРА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТҮСУ ҮШІН ҮМІТКЕРЛЕРГЕ!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультеті 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 15 сәуірге дейін, докторантураға түсушілер үшін алдын ала іріктеуге өтініштер қабылдауды жалғастырады.
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына сәйкес, "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша докторантура бағдарламаларына түсу үшін, алдын ала іріктеу міндетті кезең болып табылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторантураға алдын ала іріктеу келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі:
«Қоғамдық денсаулық сақтау»
«Медицина»
«Фармация»
«Мейіргер ісі»
Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін өткізілген алдын ала іріктеудің нәтижелері түсу емтиханын тапсыруға рұқсат беру немесе рұқсат бермеу болып табылады.
Алдын ала іріктеу үшін қажетті құжаттар:
1. Ректордың атына өтініш (1 Қосымша)
2. Жеке куәлік (көшірме).
3. Жоғары / жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың көшірмесі
4. Шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификат
5. Резюме (жеке мәліметтері, жұмыс тәжірибесі, білімі, дағдылары, жарияланымдары, конференцияларға қатысуы, тілдерді меңгеруі)
Үміткерлер, алдын ала іріктеу үшін өтініштер мен құжаттарды Whats Аpp бойынша +7 7072429220 жіберуге болады.
Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген тұлғалар қабылданады.
Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілікке (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 35 балл;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417;
TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл кемінде – 550;
Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест), шекті балл кемінде – 80;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В1) (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
TestDaF-Prufung Niveau В1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Ұсынылған сертификаттардың шынайылығы мен жарамдылық мерзімі, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен тексеріледі.
Басқа жаңалықтар


