Гендерлік теңдік

1 сәуір, 2024

Практика барысында магистрант студенттердің жеке ерекшеліктерін және дайындық дәрежесін ескеріп, педагогикалық этика нормасына сәйкес жұмыс атқаруға дағдыланады.

Осыған байланысты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультеті, физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының докторанты  Б. Кенжеев «Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдермен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту»  атты тұрақты дамудың №5-ші бағытында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел аясында гендерлік теңдік, гендерлік саясат және отбасылық тұжырымдаманың негізгі қағидалары және міндеттері  айтылып, сонымен қатар айқын мысалдар талқыланды. Осылайша, педагогикалық практика - білім алушының кәсіби, әрі тәжірибелік дайындығына тікелей бағытталған маңызды компонент.

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценттері Искакова Р.А., Смағұлова Н.Т.