ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

18 сәуір, 2024

2024 жылдың 9 сәуір күні Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы Р.Б. Тұрысбек жатақхана да тұратын студенттермен БҰҰ ТМД -3 аясында «Тазалық күнін» өткізді. Іс-шараға №18 Студенттер үйінде тұратын, заң факультеті студенттері қатысты.  Бұл іс-шараның мақсаты: студенттерді қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, тазалықты сақтауға, ҚазҰУ қалашығымыздың  гүлденіп, көркеюіне үлес қосуға шақыруға бағытталды. Қоршаған ортаның тазалығы адам өміріне әсер ететіні анық. Тазалық бар жерде әрқашанда жақсы өмір қатар жүреді. Сол себепті де, тазалықты өзімізден бастайық! Тазалық – денсаулығымыздың жарқын кепілі.