«Своя игра» интеллектуалдық ойын
«Сапалы білім беруді» атты ТМД 4-тармағын және университет мерейтойы қарсаңында заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы «90 жыл – 90 іс-шара» мерейтойлық іс-шаралар циклын жүзеге асыру аясында кафедра оқытушысы Даубасова С. Ш. 305-топ студенттерімен тұрақты даму мақсаттарының 4-тармағының аясында вебинар сабағын өткізді. Студенттер «Своя игра» интеллектуалдық ойынын ұйымдастырды. Ойында студенттер ұяшық таңдап, бес түрлі санаттың сұрақтарына жауап беру арқылы ұпай жинап, өзара жарысты. Бірінші санат – аса қауіпті қылмыскер тұлғасы, екінші санат – логикалық сұрақтар, логикалық сұрақтар, үшінші санат – кәмелетке толмағандар қылмыстылығы, төртінші санат – әйелдер қылмыстылығы, соңғы санат – сыбайлас жемқорлық қылмыстылығы. Вебинар сабақтың басты мақсаты – студенттерге білім берудің креативті жолдарын ұсыну әрі оларды тәжірибеде қолдану.