Біріккен Ұлттар Ұйымының “Әлемді өзгерт” конференциясы

18 сәуір, 2024

Ағымдағы жылдың, 4-9 сәуір аралығында “Дипломаттар Ассоциацияның” ұйымдастыруымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының “Әлемді өзгерт” конференциясы Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында өтті.

Аталмыш конференцияға әлемнің 140-тан аса мемлекетінен 150.000-ға жуық адам қатысуға өтініш білдіріп, арасынан 3000-ға жуық адам ғана іріктеуден өтіп, соңғы мәресіне Нью-Йоркқа келді. Аталмыш конференцияда, Американдық саяси технолог Валери Байден Оуенс, БҰҰ Бас Хатшысының орынбасарлары, Италия Сыртқы Істер Министрі, “Дипломаттар Ассоциациясының” Төрағасы және тағы да басқа әлемдік лидерлер мен көшбасшылар келіп, сөз сөйледі.

Конференция шеңберінде, қазіргі әлемдегі актуалды мәселелер көтеріліп, біршама ұысыныстар айтылды.

Осы конференцияға 6В050006- Экономика БББ 2022 жылғы түлегі, қазіргі уакытта Италиядағы Милан университетінің “Экономика және саясаттану” бағдарламасының магистранты Иябай Бекасыл қатысып, “Әлемдегі жұмысшы-мигранттардың құқықтары мен қорғалуы” такырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында қызу талкылау тудырған “еңбек көші-қонына байланысты проблемалар мен мүмкіндіктерді қарау” мәселесін көтерді.

Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз және сәттілік тілейміз! @bekassyl.iyabay