Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі!
«Жақсы денсаулық және әл-ауқат» 3 – ТДМ аясында 15.04. 2024 жылы ПК– 101, ПК-202 оқу топтарының білім алушыларының қатысуымен колледж оқытушылары Акбаева Г.М., Усеинова А.М., Турегельдиева А.С. салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған іс–шара өткізді.
Өткізілген іс шараның негізгі мақсаты- білім алушыларға салауатты өмір салтын ұстана отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.
Салауатты өмір салтының ең басты қағидасы-дұрыс тамақтану, ағзаға қажетті мөлшерде су ішу, денені сергітіп, қимылды көбейту үшін спортпен шұғылдану. Қазіргі таңда жастар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтанбауының кесірінен ас қорыту жүйесінің жұмысы бұзылып, денсаулықтарына зиян келуде, яғни ішек қабаттарының қабынуы, ойық жара, асқазан ісігі сияқты дерттер кең етек жайған.
Іс-шара барысында білім алушыларға түрлі сұрақтар қойылып, адам баласы үшін ең қымбат дүние-денсаулық тақырыбы төңірегінде пікір-талас ұйымдастырылды. Білім алушылар дұрыс тамақтануды ұстана отырып, денсаулықты сақтау, табиғатта демалу және күнделікті дене жаттығуларымен айналысу, зиянды әрекеттерден аулақ болудың маңыздылығын түсінді.