Биотехнология кафедрасы ғалымдарының Қазақстандағы күріш шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі

18 сәуір, 2024

2024 жылдың қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «Қазақстандағы күріштің физиологиялық-биохимиялық, генетикалық-селекциондық және биотехнологиялық зерттеулері» атты ұжымдық монография жарық көрді. Басылым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Комитетінің (ҚР ҒЖБМ) бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыруы және жетекші ғылыми орталықтармен халықаралық ынтымақтастық аясында Ресейде, Филиппинде, Қытайда және Жапонияда жүзеге асырылған 2015 жылдан 2024 жылға дейінгі зерттеулер кезеңін қамтиды.

    

Монографияны дайындауға кафедра қызметкерлері б.ғ.к. Мұхамбетжанов С.К. және б.ғ.к. Ерназарова Г.И. қатысты.

Монография физиология, генетика, биотехнология және өсімдік шаруашылығы саласындағы мамандарға, сондай-ақ мамандандырылған жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттарына қызықты әрі пайдалы білім көзіне айналады.