АБАЙ ІЛІМІ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ
2024 жылдың 10-11 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты «Абай ілімі» пәні аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай «АБАЙ ІЛІМІ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ» атты танымдық шара өткізді.
Кешті белгілі әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай ҒЗИ-дың жетекші ғылыми қызметкері Қансейіт Әбдезұлы кіріспе сөзімен ашты. Ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, PhD докторы Абдиахметова Зухра Муратовна танымдық шараға қатысушы студенттерге сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
Танымдық шараға ақпараттық технологиялар факультетінің «Компьютерлік ғылымдар», «Компьютерлік инженерия», «Ақпараттық жүйелер», «Деректер туралы ғылым», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Интеллектуалды басқару жүйелері», «Жасанды интеллектісі бар жоғары жүктелген ақпараттық жүйелер» мамандықтарының, механика-математика факультетінің «Математика», «Механика», «Робототехникалық жүйелер», «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтарының қазақ-орыс топтарының студенттері белсене қатысты. Олар «Абай ілімі» пәні негізінде меңгерілген тақырыптар бойынша ситуациялық көріністер, интеллектуалды тапсырмалар, Абай таксономиясының білімді қолдану сатысы бойынша IT өнім (сайт, қосымша, бағдарламалар, т.б.) ұсынды. «Абайдың кісілік кодексі», «Абай ілімінің концептуалдық моделі» тақырыптарында жоба-презентацияларын қорғады.
Ақпараттық технологиялар факультетінің профессоры Ұрмашев Байдәулет Амантайұлы «Абай ілімі» пәнін оқытудың, Абай шығармашылығын дәріптеудің маңыздылығын айта отырып, студенттерге, оқытушыларға және ісшара қонақтарына алғыс білдірді. Пән оқытушылары – профессор м.а. Тұяқбай Төрегелді Рахманбердіұлы, ф.ғ.к., доцент Мұсалы Ләйлә Жұматайқызы, ф.ғ.к., доцент Алдабек Нұргүл Әбдіразаққызы, PhD докторы, аға оқытушы Дүйсенбі Асқар Кейкіұлы, аға оқытушы Даутова Бибігүл Дәулетқызы, оқытушы Ыбырайқызы Гүлжан, оқытушы Кенжеқожаева Алма Мейірбекқызы студенттердің «Абай ілімі» пәнінен алған білімдерін бекітіп, тәжірибе жүзінде іске асыруына, жаңа жобалары мен бастамаларына бағыт беріп, танымдық шараны ұйымдастыруға атсалысты.
Механика-математика факультетінің профессоры Абенов Болат Кусаинович ісшараға қатысушы студенттердің еңбектерін, белсенділіктерін ескеріп, кеш соңында ізгі тілегін білдірді. Бұл танымдық шара әр студенттің рухани құндылығын арттырып, Абай мұрасын, ілімін тануына зор ықпал етті. «Абай ілімі» аясында өткізілетін мұндай ісшаралар студенттердің білімін ғана емес, тәрбиелік және адамгершілік құндылықтарын да молайтатыны даусыз!