Дөңгелек үстел: «Өз денсаулығың өз қолыңда»

18 сәуір, 2024

10-сәуір 2024 ж. сағат 15.00-де  медицина және денсаулық сақтау факультетінің мәжіліс залында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медцина және денсаулық сақтау факультеті студенттері Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарындағы №3-ші «Мықты денсаулық және әл-ауқат» мақсатын жүзеге асыруға орай, «7-сәуір - Денсаулық» күніне орай факультеттік деңгейде медицина және денсаулық сақтау факультетінің аға куратор-эдвайзері Г.А. Арынованың ұйымдастыруымен «Өз денсаулығың өз қолыңда» атты дөңгелек үстел өтті. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 3 курс студенттері денсаулықты сақтау және  нығайтуға байланысты баяндамалар дайындап, презентация жасады. Студенттер денсаулықты нығайтуға байланысты видеороликтер дайындады. «Өз денсаулығың өз қолыңда» атты дөңгелек үстел өте тартымды, ауқымды, толық және әсерлі түрде өтті.