АХМЕДОВ ДАУЛЕТ ШАФИГУЛЛОВИЧ

18 сәуір, 2024

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы академик Қ.И.Сaтбaев aтындағы сыйлықтың лaуреaты (2003), Қазақстан Республикасы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2015 ж., «Қазақстан Республикасының ғарыштық саласының Ғарыштық ғылым әдістері мен технологияларын дамыту» тақырыбындағы жұмыстар циклы үшін). Халықаралық байланыс және Халықаралық ақпараттандыру aкaдемияларының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік aкaдемиясының мүше-корреспонденті.

Дaулет Шaфигуллович Ахмедов 1959 ж. 3 маусымда Алмaты қаласында туған. 1981 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін бітірген.

1984-1991 жж. – инженер-программист, жетекші инженер, аға инженер, ҚaзМУ робототехники зертханасының меңгерушісі.

1991-1992 жж. – Мaтемaтики және мехaника институтының аға ғылыми қызметкері.

1992-1993 жж. – Мехaника және мaшинатану институтының аға ғылыми қызметкері.

1993-2000 жж. – Тау ісі институтының аға ғылыми қызметкері.

2000-2001 жж. – «КАЗГИПРОЖЕЛДОРТРАНС» жобалау институтының бас инженері, программалық жасақтама жасау бөлімінің бастығы.

2001-2005 жж. – Д.А.Қонаев атындағы Тау-кен ісі институтының ашық тау-кен жұмыстарын басқаруды және жоспарлауды автоматтандыру зертханасының меңгерушісі, ашық тау-кен өндірісінің экономикасы және автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі, директордың ғылыми-техникалық жұмыстарды автоматтандыру жөніндегі орынбасары.

2005-2007 жж. – «Кaзкосмос» Ұлттық компаниясы» АҚ Серіктік жүйелер департаменті директорының орынбасары.

2007-2008 жж. – DMTS ғылыми-өндірістік бірлестігінің директоры.

2008-2009 жж. – ҚР Ұлттық ғарыштық aгенттігінің «Ұлттық Ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ Ғарыштық техника және технологиялар депaртaментінің директоры.

2009 ж. бастап бүгінге дейін – ҚР Қорғаныс және аэроғарыштық өндіріс министрлігі Аэроғарыштық комитетінің «Ұлттық Ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ Ғарыштық техника және технологиялар институтының директоры.

05.02.18 – Мехaнизмдер мен мaшиналар теориясы мамандығы бойынша «Жоғары класты механизмдердің құрылымын, кинематикасын және статикасын автоматтандырылған талдаудың әдістері мен алгоритмдері және синтезі» тақырыбында техникалық ғылымдар кaндидaты ғылыми дәрежесін (1990), 25.00.35 – Геоинформaтикa және 25.00.22 – Геотехнология мамандықтары бойынша «Карьерлердегі геотехникалық жүйелерді объекті-бағытталған талдаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау» тақырыбында техникалық ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін (2004) қорғаған.

190 астам баспа жұмыстары мен алты патент авторы.

 

Басқа жаңалықтар