ЕРТЛЕСОВА ЖАННАТ ДЖУРГАЛИЕВНА

18 сәуір, 2024

1956 жылы 21 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, математик, экономика ғылымдарының докторы.

Институтты бітіргеннен кейін экономист, кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Экономика Министрлігі жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ҒЗИ директорының орынбасары (1978-1993 жж.); Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі Қаржы-кредит саясаты басқармасының бастығы (1993-1994 жж.); Қазақстан Республикасы Экономика министрінің орынбасары (1994-1995 жж.); 1995 жылғы қаңтардан бастап жыл-Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы экономикалық реформалар орталығының басшысы, 1995 жылғы қарашадан бастап-Қазақстан Республикасы Экономика министрінің бірінші орынбасары болып жұмыс атқарды.

ҚР Министрлер Кабинеті және ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық реформалар орталығының басшысы (1995; 04.1997-1999); ҚР Қаржы вице-министрі, Қаржы бірінші вице-министрі (1997); "Қазақтелеком" ААҚ Вице-президенті (12.1999-05.2000); ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (05.2000-06.2001); Министрдің орынбасары (06.2001-12.2001); "Сана консалтинг" фирмасының басшысы (12.2001-07.2003); ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (07.2003-07.2004); "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Корпоративтік даму жөніндегі Басқарушы директоры (12.2004-2005); қауымдастықтың Басқарушы кеңесінің төрағасы (07.2005-2007); "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (06.2007-09.2007); Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары (09.2013-09.2015); "Эксперт Қазақстан" журналының директоры (10.2015) өзге де лауазымдар: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ұлттық талдау орталығы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының басқарушы кеңесінің төрағасы (01.2006 бастап "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (02.2007); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі (02.2007); Тәуелсіз директор - "Ембімұнайгаз" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; (13.04.2016 бастап) "Бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі кеңесінің төрағасы; Заңнаманың әкімшілік, инвестициялық және басқа да салаларының нормаларын қолдану мәселелерін қарау жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі (19.01.2018, 18.01.2019, 05.02.2020, 26.01.2021, 21.04.2022 жылдан бастап). Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары: "Қазақстан Республикасының сот жүйесіне 30 жыл" медалі (11.2023).

Ғылыми, әдеби еңбектер, жарияланымдар: елуден астам ғылыми еңбектердің авторы

Басқа жаңалықтар