14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні, бұл кітап оқуды сүйетін және ұнататындардың мерекесі. Мақсаты – кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту.
Осы мерекеге орай Тұрақты Даму Мақсаттарының 4-тармағы «Сапалы білім беру» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультеті «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасының меңгерушісі профессор Р.Е. Джансараеваның бастамасымен кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университет кітапханасымен бірлесе отырып, «Шын жүректен кітап сыйла» акциясын ұйымдастырды. Кітап беруді бастағаннан кейін ол білім алушыларға кітаптар сыйлады, ал университеттің студенттері мен оқытушылары да соған ерді. Акция барысында оның қатысушылары тек кітаптармен ғана емес, сүйікті кітаптары/авторлары туралы қызықты әңгімелерімен де бөлісті.
Акция басты мақсатына қол жеткізді, кітапхана білім алушылар оқуын, бір-біріне кітаптарды сыйлауды қайта жаңғыртты, жаңа оқырмандарды тартуға ықпал етті. Кітапхана директоры өз сөзінде бүгінгі таңда кітап пен мерекені насихаттаудың идеялық шабыттандырушылары өз мақсаттарына қол жеткізгенін айтты.