1950 жылы 18 желтоқсанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған кентіндегі № 51 қазақ орта мектебін күміс медальмен бітірген. 1968 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ механика-математика факультетіне түсіп, 1973 жылы "Механика"мамандығы бойынша бітірді. 1975 жылдан 1979 жылға дейін осы университеттің аспирантурасында оқыған.
1984 жылы кандидаттық диссертация, 1999 жылы докторлық диссертация қорғады.
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының мүшесі, Халықаралық Инженерлік академияның мүше-корреспонденті. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі.
Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ "Инженерлік механика" кафедрасының меңгерушісі.
Франция Лотарингия университетінің профессоры М.Панфиловпен бірлесіп геоэнергетика бойынша магистратурада қос дипломды білім беру жөніндегі қазақстан-француз орталығының негізін қалаушы.
AGH-Польшаның Краков ғылым және технологиялар университетінің (2009 – 2017) және Францияның Лотарингия ұлттық политехникалық институтының (2011 және 2012) шақырылған профессоры.
Ғылыми қызмет бағыты – сұйық және газ механикасы, есептеу гидродинамикасы, физика-химиялық гидро-газдинамикасы, жаңартылатын энергия көздері, ұңғымалық шаймалау әдісімен металдар алу. Scopus бойынша Хирш индексі – 12.
Механика мамандығы бойынша бір физика-математика ғылымдарының кандидатын және 14 РН докторларын, оның ішінде Египет Араб Республикасынан бір ф.-м.ғ.к. және екі РН докторларын дайындады. Оқушыларының екеуі – М.Тунгатарова мен А.Құлжабеков – Польша мен Франция университеттерінде докторлық дәрежесін қорғаған.
2005 және 2011 жылдары "ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" байқауының екі мәрте лауреаты және "ҚР үздік ғылыми қызметкері" байқауының лауреаты (2021).
"Астанаға 10 жыл" және "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" медальдарымен, "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" ҚР БҒМ төсбелгісімен (2009), ҚазҰУ-дың дамуындағы елеулі еңбегі үшін "Әл-Фараби күміс медалімен" (2020), ҚР БҒМ "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен (2020) марапатталған.