ХАХАЗОВ ШӘКІР ХҰСАЙЫНҰЛЫ

19 сәуір, 2024

1958 жылы 5 шілдеде Алматы облысы, Жаркент қаласында дүниеге келген. Ш.Х.Хахазов СМ.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1980), Алматы халық шаруашылығы институтын «Халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша (1998), Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын  «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша және Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық көлік және заң университетін «Көпірлер мен туннельдер» мамандығы бойынша бітірген.

Ш.Х.Хахазов еңбек қызметін Талды-Қорған облысы Панфилов қаласындағы Луначарский атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1980-1985 жж. – Қазақстан ЛКЖО Панфилов АК аппаратының ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, қорғаныс-бұқаралық және спорт жұмысы бөлімінің меңгерушісі, комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі.

1985-1987 жж. – «Казремстройбыт» ЖҚБ бастығы, 1987-1990 жж. – Қазақстан Компартиясы Панфилов аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1990-1991 жж. – Қазақстан Компартиясы Панфилов аудандық комитетінің партия комиссиясының төрағасы. 1991-1997 жж. – «Панфиловколхозстрой» тресі кірпіш зауытының директоры, 1997-2002 жж. – «ZAAIR» ЖШС директорының орынбасары (құрылыс фирмасы).

2002-2004 жж. – «Ай Би» ЖШС директоры (құрылыс фирмасы). 2004 жылдың ақпанынан қарашасына дейін – «АлматыГорРемСтройКонтракт» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, 2004-2016 жж. – «ОСК-Стройсервис» ЖШС бас директоры.

2012 жылы Ш.Х.Хахазов Астана қаласы мәслихатының бесінші шақырылымының депутаты, құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.

«Дүнген этномәдени орталықтары ассоциациясы» қоғамдық ұйымының басқарма мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі. Ш.Х.Хахазов 2016 жылғы 24 наурызда VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Ш.Х.Хахазов «Құрмет» (2009) және 2-дәрежелі «Достық» ордендерімен, «Қaзaқстaн Республикaсының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қaзaқстaн хaлқы Ассaмблеясынa 20 жыл», «Қaзaқстaн мaслихaттaрынa 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Тәуелсіздікті нығайтуға, ұлттық бірлікті нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2015 ж.) және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталған.

Халықаралық іскерлік кеңестің және INSAM Женева бизнес және менеджмент институтының «Еуропалық грант» құрметті сыйлығының лауреаты (2010). Шәкір Хұсайынұлының марапаттарының қатарында мінсіз іскерлік беделі үшін INSAM халықаралық алтын медалі (2009 ж.) және қайырымдылық үшін «Сауап» медалі де бар.

Ш.Х.Хахазов «Панфилов ауданының құрметті азаматы» және «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» (2009) деген атақтарға да лайық деп танылған.

Басқа жаңалықтар