ХИКМЕТОВ АСҚАР ҚҰСЫПБЕКҰЛЫ

19 сәуір, 2024

Асқар Хикметов 1979 жылы туған. "Қолданбалы математика" мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі.

2010 жылы "051318-математикалық модельдеу, сандық әдістер және программалар кешені" мамандығы бойынша "Стратификацияланған ортадағы турбулентті ағымдарды модельдеу" тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Әр жылдары математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының оқытушысы, "есептеу және ақпараттық технологиялар" оқу-әдістемелік зертханасының меңгерушісі, ҚазҰУ механика-математика факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2013 жылдың қыркүйегінен бастап Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің оқу-әдістемелік басқармасын басқарып, 2014 жылдың ақпанынан 2016 жылдың тамызына дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры болды. Университеттің білім беру қызметін жаңғырту шеңберінде оқу процесіне: эксперименттік білім беру бағдарламаларын; білім беру қызметтерін көрсетудің студентке бағытталған тәсілін; ағымдағы, қорытынды бақылаудың және емтихан сессиясын өткізудің жаңа нысандарын енгізуге белсенді қатысты. 2015 жылдың маусым айында "Leadership Foundation for Higher Education – Professional Development Programme for Higher Education Leaders of Kazakhstan 2015" біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

А.Қ.Хикметовтың ғылыми зерттеулері турбуленттілік теориясына, математикалық модельдеуге, жоғары өнімді есептеулерді ұйымдастыруға, ақпараттық технологиялар мен есептеу математикасына қатысты.

А.Қ.Хикметов бір монография мен турбуленттілікті модельдеу және экология мәселелерін шешу үшін ақпараттық технологияларды әзірлеу мәселелері бойынша 70-тен астам ғылыми жұмыстардың авторы.

07.2021 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры қызметін атқарады (ХАТУ).

Басқа жаңалықтар