ТДМ 7-«Қолжетімді және экологиялық таза энергия» тәрбие сағаты

19 сәуір, 2024

     ҚазҰУ Картография және Геоинформатика кафедрасының 3 курстарымен -« Қолжетімді және экологиялық таза энергия» атты тәрбие сағатын өткізген болатынбыз.

     Қазақстан мемлекеті энергетикалық қызметтерге әмбебап қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша көшбасшылардың бірі болғанымен, үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету және таза отын мен технологияларды пайдалану мәселелері әлі де баршылық. Кейбір ауылдық жерлерде электрмен жабдықтау төменгі деңгейде болса,1,5 миллионға жуық адам ластаушы отынды, ал соның ішінде көмірді пайдаланып отыр. Таза отынға жаһандық көшу үшін Қазақстан елдің газ инфрақұрылымын дамытуды қажет етеді.

 

     Соңғы өзекті жаңалықтар сутегі энергиясы бойынша үш кезеңнен тұратын тұжырымдама жасалуда:

•          Біріншісі – жаңа технологияларды қолдана отырып сутегі өндірісі;

•          Екіншісі – оны тасымалдау және сақтау;

•          Үшіншісі – сутегі отынын құру және дамыту

     Баламалы және жаңартылатын энергия дәстүрлі энергия көздерін біртіндеп алмастырып келеді. Қазірдің өзінде табысты стартаптар ішінде жарқын мысалдар бар, олар бұл саланың экологиялық қана емес, экономикалық тиімділігін де көрсете алатынына сенімдіміз.

 

 

Қосымша:

1. https://www.instagram.com/reel/C3WjsnmqjXg/?igsh=MXFjMWozNzgwcDI0bw==