- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- Ішкі істер қызметкерлері шетелдік студенттермен түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Ішкі істер қызметкерлері шетелдік студенттермен түсіндірме жұмыстарын жүргізді
19 сәуір күні ҚазҰУ-да білім алып жатқан шетелдік студенттерге Бостандық ауданы Полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Осы уақытқа дейін шетелдік студенттер арасында 600-ге жуық құқық бұзушылық орын алған. Сол себепті, алдағы уақытта әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтын алдын алу мақсатында Бостандық ауданы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Аханов Дидар Ержанұлы, Бостандық ауданы Жергілікті полиция басқармасының орынбасары полиция подполковнигі Айнакулов Мұхит Дәулетұлы, Бостандық аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Исабаев Бекнар Нұрбақытұлы шетелдік студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, шетелдік студенттерге ҚР-ның заңнамасына сәйкес өздерінің құқықтары мен жауапкершіліктері туралы толық ақпарат берді. Жиын соңында студенттер өздерін ойландырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлері тарапынан нақты жауаптарын алды.