ТДМ 3: Жақсы денсаулық пен әл-ауқат

17 сәуір, 2024

Cәуірдің 16 күні «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының аға оқытушы Орманбекова Айнур Алибековна мен 1-курс ИСУ 23-02 тобы Тұрақты дамудың 3-мақсатын жүзеге асыру: Денсаулық пен әл-ауқатқа апарар жол атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Бұл студенттерге осы мақсаттың маңыздылығын және оған жетудегі өз рөлін тереңірек түсінуге көмектескен қызықты іс-шара болды. Студенттермен бірнеше негізгі аспектілерді талқыланды, атап айтсақ:
1. Денсаулықтың қоғам үшін маңызы. Денсаулық тек ауру-сырқаудың болмауы ғана емес, қоғам дамуының басты факторы екенін баса айттық. Дені сау адамдар еңбек өнімділігі мен әл-ауқатын арттыра отырып, қоғам өміріне белсенді араласа алады.
2. Жаһандық денсаулық проблемалары. Біз дүние жүзіндегі елдердің алдында тұрған түрлі қиындықтарды, соның ішінде медициналық көмекке қолжетімділіктің жоқтығын, жұқпалы аурулардың таралуын және медициналық көмекке қол жеткізудегі теңсіздікті талқыладық.
3. 3-мақсатқа жетудегі әрбір адамның рөлі. Біз әрқайсымыз салауатты өмір салтын ұстанудан және әлеуметтік және денсаулықты сақтау бастамаларына белсенді қатысудан бастап 3-мақсатқа жетуге үлес қоса алатынымызды атап өттік.
4. Мақсатқа жету жолдары. Біз 3-мақсатқа жетудің түрлі жолдарын, соның ішінде денсаулық сақтау саласына қолжетімділікті арттыру, алдын алу шараларын жүзеге асыру, жұқпалы аурулармен күресу және денсаулық сақтау жүйесіне инвестиция салуды талқыладық.
Бұл сабақ студенттердің денсаулық мәселелері туралы хабардар болуын және олардың 3-мақсатқа қол жеткізуге белсенді қатысуға дайындығын арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Біз өскелең ұрпақ баршаның салауатты болашағы үшін күреске тың идеялар мен күш-қуат әкеле алады деп сенеміз.

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы