ТДМ 12 : Жауапты тұтыну мен өндіру

19 сәуір, 2024

«Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының доцент м.а. Карымсакова Нургуль Тлетаевна мен 1 курс магистранттары педагогикалық тәжірибеден өту барысында сәуірдің 19 күні Деректер туралы ғылым мамандығының 2 курс  22-02 тобымен Тұрақты дамудың 12-мақсатын жүзеге асыру: Жауапты тұтыну мен өндіру атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Бұл студенттерге осы мақсаттың маңыздылығын және оған жетудегі өз рөлін тереңірек түсінуге көмектескен қызықты іс-шара болды. Сонымен қатар тақырыптың негізгі мақсаттары талқыланды, сонын ішінде:
1. Химиялық заттар мен қалдықтарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығы.
2. Жаһандық азық-түлік қалдықтарын екі есе азайтудың жолдарын қарастырылды.
3. Ысырапшыл тұтынуға әкелетін нарықтық теңгерімсіздікті жою туралы атап өтті.
Бұл сабақ студенттердің  12-мақсатқа қол жеткізуге белсенді қатысуға дайындығын арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Экологиялық таза технологиялар мен өндіріске бағытталған инновацияларды дамытуды ынталандыру, бұл өз кезегінде адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстарды сақтауға көмектеседі деген ойдамыз.