«Жүк тасымалдауды ұйымдастырудың тәжірибесі мен ерекшеліктері» көшбасшылық дәрісі

19 сәуір, 2024

ТДМ-ның 4-ші САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУмақсатын орындау шеңберінде  2024 жылғы 19 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Экономикажәне бизнес жоғары мектебінің «Логистика»мамандығының студенттері үшін «Starget Auto»Халықаралық компаниясының Автобөлімініңбастығы Индира Айтмағамбетқызы Қасаинованың«Жүк тасымалдауды ұйымдастыру тәжірибесі мен ерекшеліктері» тақырыбында көшбасшылық дәрісіөтті.

Өз сөзінде Касаинова Индира жүктердітасымалдау бойынша бизнес-процестерді құрутәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ шетелдік нарықтамультимодальды тасымалдауда серіктестердітаңдау мәселелеріне назар аударды. Спикер халықаралық логистиканың даму перспективаларытуралы да айтты. Касаинова Индира атап өткендей, логистика болашақтың ең сұранысқа иемамандықтарының көптеген рейтингтеріндежетекші орын алады. Логистика саласында еңбекнарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілеттімамандарды даярлау, мансаптық және кәсіби өсумүмкіндіктері, мансап пен өмірде биіктерге жетуүшін адамға қажетті көшбасшылық қасиеттермәселелері талқыланды.

Дәріс соңында қатысушы оқытушылар мен студенттер сұрақ-жауап алмасып, қызықтыпікірталастар өткізді.

Ұйымдастырушылар: «Бизнес-технологиялар»кафедрасының куратор-эдвайзерлеріБаймуханбетова Э. Е., Сартова Р. б., Абдикул ш. Н., Шарапиева М. Д., магистранттар Ержанқызы А., Сатмұханбетова В.