ЖАС ҒАЛЫМДАР ФОРУМЫ

19 сәуір, 2024

11.04-12.04.2024 жылы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің демеуімен Астана Медицина Университетінде Жас ғалымдар Форумы  өтті.Форум үш тілде келесі секциялар бойынша жұмыс жасады: «Хирургиялық және аралас пәндер», «Пациенттер қауіпсіздігі», «Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтаудағы жасанды интеллект», «Терапевтік және аралас пәндер», «Акушерлік және гинекология», «Педиатрия», «Іргелес ғылымдар», «Гигиена, эпидемиология және экология», «Сәулелі терапия, сәулелі диагностика және ядролық медицина», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», «Ересектер және балалар жұқпалы аурулары», «Тамақтану және диетология». Жалпы Форум екі кезеңнен тұрды, «Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы» 4-ші курс студенті Байсынов Нұрлан екі турдан да сүрінбей өтіп, «Гигиена, эпидемиология және экология» секциясы бойынша жүлделі 1-ші орынды алды. Ғылыми жетекшісі: м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кошкимбаева С.А. Біз Нұрланды кезекті жеңісімен құттықтап, творчестволық табыс тілейміз!