"Қазақстандағы баламалы инвестициялар"

20 сәуір, 2024

Кез келген елдегі экономикалық өсудің негізгі факторларының бірі инвестициялар болып табылады, бұл ТДМ 10 "Лайықты еңбек және экономикалық өсу" міндеттеріне сәйкес келеді. Осыған байланысты инвестициялаудың баламалы нысандарын дамыту Қазақстанның тұрақты дамуы мен еліміздің жас буынының қаржылық сауаттылығын арттыру үшін зор маңызға ие.

ЭЖБМ-дегі Экономика кафедрасы 19 сәуірде осы тақырыпта қонақ дәрісін ұйымдастырды. Спикер ретінде ҚазҰУ-дың 1997 жылғы түлегі және "TANSAR CAPITAL" АҚ директорлар кеңесінің Төрағасы Есжан Біртанов сөз сөйледі. "TANSAR CAPITAL" АҚ активтерді басқару, брокерлік қызмет және инвестициялық банкинг бағыттарында жұмыс істейтін Қазақстанның ең көне инвестициялық компанияларының бірі.

Интерактивті дәріс барысында спикер Есжан Біртанов мырза студенттердің белсенді қатысуына және олардың пәнге деген қызығушылығына тәнті болды. Ол әлемдегі және Қазақстандағы тікелей инвестициялар нарығы туралы, сондай-ақ тікелей инвестициялар стратегиялары, хедж-қорлар, жеке капиталдың кірістілігі және т.б. туралы білімдерімен бөлісті.

Студенттерге Біртанов мырза қаржы, банк және инвестициялық салалардағы кәсіби тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, табысты көшбасшылық, өзін-өзі бағалау, өмірде мақсат қоюдың маңыздылығы және білім алу қажеттілігі туралы құнды кеңестер берді. Оның практикалық тұжырымдары және экономистердің жас буынын қызықтыратын мәселелерді қалай қозғағаны дәрісті шынымен қанықтырды.