ЗУЛХАИР АЙМУХАМЕТОВИЧ МАНСУРОВ

20 сәуір, 2024

ЗУЛХАИР АЙМУХАМЕТОВИЧ МАНСУРОВ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің «Химиялық физика және материалтану» кафедрасының профессоры

 

Химия ғылымдарының докторы (1990), профессор (1992), ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992), Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сыйлығы «Құрмет» орденінің» иегері (2004), Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2010), Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сыйлығы «Парасат» орденінің иегері (2016), ЮНЕСКО-ның «Наноғылым мен нанотехнологияны дамытуға қосқан үлесі үшін» медалінің иегері (Париж, 2018 ж.), Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2021).

З.А. Мансұров – жану процесстерінің химиялық физикасы, нанотехнология мен наноматериалдар сияқты, ғылымның кең салаларына қосқан үлесімен ерекшеленетін, қазақстандық ғалымдар арасындағы көрнекті тұлға. Оның ғылыми қызметі қазіргі экологиялық мәселелерді шешуге, энергияны қайта қалпына келтіруді және отынды жағудың экологиялық таза әдістерін дамытуға арналған.

1992 жылы Жану проблемалары институтының директоры, профессор Г.И. Ксандопулоның ғылыми топ құрамымен З.А. Мансұровқа  «Жану процестерінің химиялық негіздерін іргелі зерттеулер» атты жұмыстың  сериясы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

2002 жылы З.А. Мансұровқа жаратылыстану ғылымдарына қосқан зор үлесі үшін Қ.И. Сатпаев атындағы Бірінші Премия (Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі) берілді.

2018 жылы Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде З.А. Мансұровқа ЮНЕСКО-ның «Наноғылым мен нанотехнологияны дамытуға қосқан үлесі үшін» медалінің берілуі оның осы саладағы зор жетістіктерін тағы бір мәрте атап өтті.

З.А. Мансұров ғылыми кадрларды даярлауда белсенді жұмыс атқаруда, оның жетекшілігімен 8 ғылым докторлары, 39 ғылым кандидаттары, 20 Ph.D (Bologna Declaration) докторлары дайындалды және екі Ph.D докторанттардың ғылыми жетекшісі болып табылады.

2024 жылдан бастап З.А. Мансұров Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі болып табылады.

З.А. Мансұров келесі журналдардың ұйымдастырушысы және бас редакторы:

  • Eurasian Chemico-Technological Journal (ISSN 1562-3920, eISSN 2522-4867, Scopus және Web of Science халықаралық деректер базасына тіркелген)
  • «Горение и плазмохимия» (ISSN 1683-3902, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енгізілген).

Басқа жаңалықтар