Биотехнология кафедрасының профессоры Болатхан Заядан ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хатымен марапатталды

12 сәуір, 2024

Бүгін, 12 сәуір күні Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні атап өтілуде.

Ғылым қызметкерлері күні Қазақстанда 2011 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 164 Жарлығына сәйкес атап өтіледі. 12 сәуір ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл күн Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған адамның туған күнімен байланысты. 

Осы орайда, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізде ғылым саласында еңбегі ерен біршама ғалымдарды 12 сәуір - Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Солардың ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биотехнология кафедрасының профессоры Болатхан Заядан ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хатымен марапатталды. Болатхан Қазыханұлын құттықтай отырып, және алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз!