Болашақтың сұранысқа ие мамандықтары

19 сәуір, 2024

2024 жылдың 19 сәуір күні сағат 14.00-де 417 аудиторияда  «Болашақтың сұранысқа ие мамандықтары» тақырыбындағы шешендік өнер сайысының 2-ші туры онлайн режимінде өткізілді. Шешендік өнер сайысына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қытайтану кафедрасының 2 және 4 курс студенттері мен Н.П.Огорев атындағы Мордовия мемлекеттік зерттеу университетінің студенттері қатысты.

 Байқаудың мақсаты – қытай тілін студенттердің  өзін-өзі жетілдіру мен әлеуметтік бейімделу құралы ретінде қолдану. Сонымен қатар студенттер арасындағы мәдениаралық қарым-қатынастарды дамыту.

Байқауға әділқазылар алқасы ретінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент Дәулетқызы Фатимабібі, Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы және Мордовия университетінің оқытушысы Чжу Вэй Хуэй қатысты. Құттықтау сөзімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Әмірбекова Үмітай Әбдіқаппарқызы және Н.П.Огорев атындағы Мордовия мемлекеттік зерттеу университетінің шет тілдер факультеті деканының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Бабенкова Елена Александровна және ағылшын филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Свойкин Константин Бертолдович сөз сөйледі.

Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

  1 орын Жанәділ Ақбота (ҚазҰУ)

 1 орын Латышкова Вероника Александровна (Ресей)

2 орын Жебегенқызы Алуа (ҚазҰУ)

2 орын Тюгаева Виктория Александровна (Ресей)

3 орын Нұрланқызы Нұрсая (ҚазҰУ)

3 орын Салкаева Земфира Фаилевна (Ресей)

3 орын Илькина Полина Николаевна (Ресей)

Студенттер халықаралық байқауға қатысу арқылы өздерінің қабілеттерін көрсетуге және жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік алды. Мұндай жарыстар студенттерді жаңа жеңістерге жігерлендіреді, өзіне деген сенімділігін арттырады. Және ең бастысы студенттер Ресейдің студенттерімен және оқытушыларымен сұхбаттасып жаңа достар табуға мүмкіндік алды.