Сыртқы ортаның құбылмалылығы шарттарында Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін бағалау

21 сәуір, 2024

ЭжБЖМ Экономика кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері, аға оқытушы А.Е. Калиева «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылып жатқан AP14973003 «Сыртқы ортаның құбылмалылығы шарттарында Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін бағалау» ғылыми-зерттеу жобасы шеңберінде 2024 жылдың 21-22 наурызында «International Conference on Agricultural Education and Communications (ICAEC-2024)» (Стокголм, Швеция) халықаралық конференциясына қатысты. Конференцияда «Елдің агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігі азық-түлік қауіпсіздігінің факторы ретінде (Competitiveness of the country's agro-industrial complex as a factor in food security)» атты ғылыми мақала табысталды, және мақала конференция материалдарында жарық көреді. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі заманауи жағдайлардағы маңызды мәселелердің бірі және Мыңжылдықтың даму мақсаттарының 2 мақсаты: аштықты тоқтату мақсаты болып табылады. Әлем халқының санының өсу қарқынының азық-түлік өндірісінің қарқынымен салыстырғанда жоғары болуы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін қолданылатын негізгі ресурстардың қысқаруы тенденциясы − азық -түлік мәселесінің ХХІ ғасырда шиеленісуінің себептері болды. Конференция жұмысы барысында ұлттық және халықаралық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының рөлін талқыланды.