ТДМ 4: ««Бабырнама» және қазақ руханияты» атты дөңгелек үстел

16 сәуір, 2024

 Әл-Фараби кітапханасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай Әл-Фараби кітапханасы мен Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының жанынан құрылған «ЖАС ҒАЛЫМ» клубымен бірлесе отырып ««Бабырнама» және қазақ руханияты» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: университеттегі білім алушы жастарға қазақтың тарихи мұраларын насихаттау. САПАЛЫ БІЛІМ Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 4) аясында өткізілген аталмыш шарада кітапхана қорындағы Зазир ад-Дин Бабырдың «Бабырнама» еңбегі таныстырылып оның Қазақстан тарихы ғылымы мен әдебиетінде алатын орны жан-жақты қарастырылды. Дөңгелек үстел аясында зерттеуші мамандар, ғалымдар мен кітапхана ісінің мамандары өзара пікір алмасып, сауалнамалар қойылып, көкейкесті сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік туды.