"Қайырымдылық жәрмеңкесі"

20 сәуір, 2024

16-20 сәуір аралығында университетіміздің бірнеше факультетінде «Көмек» Қоғамдық қоры және «Құқықтық тәртіп сақтау жасағы» ұйымдары білесіп, елімізде табиғи апат су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қаржылай көмек қолын созу мақсатында ауқымды қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Аталған шарадан түскен қаражаттың барлығы көмек қажет ететін және табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы халықтың игілігіне жұмсалуға жіберілді.