«Eurasian Foods Corporation» зауытына экскурсия

27 наурыз, 2024

2024 жылдың 26 наурызында Тұрақты мақсаттардың 4-бағытына «Сапалы білім» (4.3.4 Университет кешенінен тыс білім беру жұмыстары) қол жеткізу аясында «Тағамдық химия және технология» ОБ 3-курс студенттері Қазақстан Республикасындағы ең ірі холдингтік компаниясы «Eurasian Foods Corporation» зауытында болды.

Eurasian Foods Corporation холдингі – Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі тамақ өнеркәсібіндегі жетекші және маңызды кәсіпорындардың бірі, май және май өнімдерін өндірушілер арасында республиканың танымал көшбасшысы. Мұнда «Шедевр» өсімдік майы, түрлі сары май, майонез, кетчуп, соустар шығарылады. Студенттер рафинация цехының меңгерушісі Н.Несіпханованың күнбағыс майын өндіру бойынша дәрісін қызығушылықпен тыңдап, май рафинациясы цехы, физика-химиялық талдау зертханасы, өнімді орау цехы, инновациялық зертханасы жұмысымен және тағам өнімдерін өндіруде тұрақты даму мәселелерін шешу үшін енгізілген әдістермен танысты.