- Басты бет
- Жаңалықтар
- Азық-түлік жүйелеріндегі тұрақты даму мақсаттары бойынша жетістіктерін халықаралық деңгейде талқылау
Азық-түлік жүйелеріндегі тұрақты даму мақсаттары бойынша жетістіктерін халықаралық деңгейде талқылау
2024 жылдың 14-18 сәуірінде Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының доценті Адильбекова А.О. тұрақты даму мақсаттарының 17-бағытына «Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестік» (17.2.4. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің озық тәжірибелері бойынша ынтымақтастық) қол жеткізу аясында Food Colloids Conference конференциясына қатысты (Салоники қ., Греция).
Конференция азық-түлік жүйелеріндегі тұрақтылық мәселелерін шешу үшін коллоидтық ғылымды пайдалануға, салыстырмалы тәсілдерді қарастыруға және халықаралық ынтымақтастық пен зерттеулер арқылы тұрақтылық мақсаттарына қол жеткізудің халықаралық озық тәжірибесін дамытуға арналды. Конференцияға 300-ге жуық елден ғалымдар қатысты. А.О. Адильбекова баяндамасының тақырыбы: «Каолин саз бөлшектерімен тұрақтандырылған іріктеу эмульсиялары».