- Басты бет
- Жаңалықтар
- Алматы қаласындағы №12 қалалық емхана жанындағы «Сұңқар» жастар орталығының дәрігері П.Бақпаұлымен кездесу
Алматы қаласындағы №12 қалалық емхана жанындағы «Сұңқар» жастар орталығының дәрігері П.Бақпаұлымен кездесу
Тұрақты даму мақсаттарының 3-бағытына «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» (3.3.1. Денсаулық сақтау мекемелерімен ағымдағы ынтымақтастық) қол жеткізу аясында 2024 жылғы 9 ақпанында Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы Алматы қаласының №12 қалалық емханасы жанындағы «Сұңқар» жастар орталығының» дәрігері Бақпаұлы Парасатпен «АИТВ-ның таралу жолдары және қорғаныс шаралары» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Ол АИТВ-ның таралу жолдары мен қорғаныс шаралары, сондай-ақ Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Іс-шараға қатысушылар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу және бұл құбылыстардың АИТВ жағдайына кері әсерін тигізетіні туралы ақпарат алды. Сондай-ақ ол АИТВ-статусын анықтау үшін экспресс-тесттен өтуге болатынын түсіндірді. Студенттер көптеген сұрақтарына жауап алды. Кездесуді кафедраның доценті Керимкулова М.Ж. ұйымдастырып, Химия және химиялық технология факультетінің студенттеріне арналған.