Ынтымақтастық шеңберінде өткізілген бірлескен іс-шаралар

19 сәуір, 2024

Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) 13 мақсатын жүзеге асыру үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес Жоғары мектебінде (https://farabi.university/) 2024 жылдың 19 сәуірінде жаһандық жылыну туралы көшбасшылық дәріс өтіп, студенттер мен сарапшылардың назары біздің заманымыздың маңызды тақырыбына аударылды. Іс-шара ПатрисаЛумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті өкілдерінің қатысуымен халықаралық деңгейде өткізілді (https://www.rudn.ru/). Онда Патриса Лумумба атындағы РХДУ халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының э.ғ.к., доценті Юлия Александровна Коновалова сөз сөйледі. Іс-шараның негізгі спикерлері: Нұржанова Ақбота, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының қоғаммен байланыс бөлімінің маманы және Хамит Лиза Борашқызы, экобелсенді, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ«Орманшаруашылық ісі» мамандығының 2-курс магистранты. Дәріске Қазақстанның 5 жетекші университеттерінің студенттері қатысты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, AlmatyManagement University, Magsut NarikbayevUniversity. Іс-шара білім алмасу алаңына айналды және біздің Планетамызды қорғауға ұмтылудағы бірлік пен климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді шешу үшін бірлескен зерттеулер мен стратегияларды әзірлеудің маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Бизнес-технологиялар" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: З.Б. Ахметова, Ж.Т. Қожамқулова, Н.Б.Шуренов, Д.Т.Калмакова; «Маркетинг» мамандығының магистранттары: А.Б.Ескенеева, Д. Нұрболқызы, Д. Арзиева.