Мысырдағы "әл-Азһар" университетінде ортағасырлық мұсылман өркениеті ұлықталды
«Тұрақты даму мақсаттары» жобасының «Тұрақты даму үшін серіктестік» пунктының аясында Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Арабтану бөлімінің меңгерушісі Хаван Айдынгүл ЕАР Каир қаласында орналасқан әл-Азһар университетінің Шариғат және заң факультеті ұйымдастырған ғылыми семинарға қатысты.
"Ортағасырлық араб мұсылман өркениеті" атты ғылыми семинар (72 сағаттық) барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан барған делегация көне қазақ топырағынан шығып, ортағасырлық араб мұсылман өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) ғылыми мұрасы жайлы баяндама жасап, арнайы сертификатпен оралды.
Сонымен қатар, делегация әл-Азһар университетінің бұрынғы проректоры, қазіргі құрметті профессоры, ғұламалар кеңесінің мүшесі доктор Мұхаммад әл-Амир мен Шариғат және заң факультетінің деканы доктор Ато ас-Сынбатидің арнайы қабылдауында болып, 90-жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан қара шаңырақ ҚазҰУ дың атынан арнайы марапат тарту етті.
Өз кезегінде, әл-Азһар университетінің басшылығы әл-Фараби университеті (ҚазҰУ) атынан семинарға қатысып отырған оқытушы-профессорлар құрамына бірқатар құнды кітаптар тарту етті.
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы
Хаван Айдынгул