23.04. 2024 ж. Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай, ТДМ-4 аясында, заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті Мыңбатырова Н.Қ. және «Мемлекет және құқық тарихы» студенттік клубының мүшелері Джордж Оруэллдің «1984» романы бойынша оқырмандар талқылауын ұйымдастырды. Іс-шараға кафедра оқытушылары және заң факультетінің 3 курс студенттері қатысты. Студенттер шығарманың ХХ ғасырдың ортасында антиутопиялық жанрда жазылғанына қарамастан қазіргі таңда да өз өзектілігін жоғалтпау себептері туралы өз ойларын ортаға салды. Пікірталасқа кафедра оқытушылары да белсенді қатысты. Іс-шара барысында романның мазмұны бойынша викторина сайысы өткізілді. Пікірталас соңында пікірталасқа белсенді қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап берген студенттерге белгілі академик С.С.Сартаевтың еңбектері сыйға беріліп, марапатталды.