Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектебі Тұрақты даму мақсатының “Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар” бөліміне сай
11.04.2024 ж. оқу бағдарламасына сәйкес«Құқық негіздері» пәні мұғалімі Дәулетиярқызы Кәмшаттың “Адам өмірі - ең қымбат қазына” тақырыбымен 10 «А» ҚГБ 1,2 сынып оқушыларымен қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша сыныпта алған теориялық білімдерін ойын сот отырысы арқылы бекіту мақсатында іскерлік ойын «Сот процессі» өтті. Ойын сот отырысында ҚР қылмыстық кодексі 99 бап 1 тармақ «Адам өлтіру» ісі қаралды. Судья, прокурор, адвокат, хатшы, сотталушы, жәбірленуші, сарапшы және куәгерлер рөлінде оқушылардың өздері сөз сөйледі.
Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар” бөлімі бойынша басшылыққа алынған негізігі мақсаттар:
* Зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің таралуын едәуір азайту және бүкіл әлемде осы құбылыстан болатын өлім-жітім деңгейін төмендету.
* Зорлық-зомбылықты, қанауды, сауданы және балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен азаптаудың барлық түрлерін тоқтату.
* Ұлттық және халықаралық деңгейде құқықтың үстемдігіне ықпал ету және барлығына тең әділеттіліктің қолжетімді болуын қамтамасыз ету.