ТДМ. 17 Тұрақты даму үшін серіктестік
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін мерекелеумен, еліміздегі адами капиталды сақтау мен арттырудағы кітаптың маңызды рөлі зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқуға айрықша көңіл бөліп келеді. Ағымдағы жылы Атырау қ. өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент кітаптың маңыздылығын: «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек»,- деп тағы да атап өтті.
Осы мақсатта 2024 жылдың 23 сәуір күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында әлемнің жүзден астам елінде миллиондаған адам атап өтетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «КІТАПшоу-2024» кітап фестивалі өткізілді. Фестивальге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің «Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Б.С. Асанова Б.С. және «6В03205-Кітапханалық ақпараттық жүйелер» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.
Фестивальдің мақсаты - оқу белсенділігін арттыру, кітап оқуды қолдау, көркем әдебиетке деген қызығушылықты ояту, жеке тұлғаның ақпараттық сауаттылығын және оқу мәдениетін қалыптастыру.
Кітап мерекесі аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар:
- Қазақтың көрнекті актері, театр және кино режиссері, халық әртісі Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған «Шәкен Айманов - Қазақ киносының атасы» еске алу кеші;
- Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығыөкілдігі (Алматы қ.) ресей жазушыларының қатысуымен өткізетін «Эстетика межкультурного диалога» интерактивті іс-шарасы;
- «Сырлы сөз сиқыры» мәнерлеп көркемсөз оқу бойынша шеберлік сабағы;
- «Қазақстан - Иран: «Наурызнама» мәдениеттер үндестігі» әдеби-тақырыптық кеші (Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы);
- OpenPlace USW – Қазақстандағы жазушылар қоғамдастығы (авторлармен, тәуелсіз театрлармен интерактивті танысу алаңы және кітап алмасу) бағыттарында өткізілді.
- Ильдар Халитовтың «Казахстанские метеориты» ғылыми-көпшілік кітабының тұсаукесері;
- Жетекші қазақстандық баспалардың кітап жәрмеңкесі;
- Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі бағыттарында өткізілінді.
Өткізілген іс-шара жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, рухани құндылықтарды қалыптастырудағы игі істердің бірі болмақ!
Іс-шара өткен орны, уақыты: ҚР Ұлттық кітапханасы, 10:00-12:00.